[:kk]Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Жұмағұловтың еншісінде 13 жеңіс пен үш жеңіліс бар. Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 19 қазанда Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирі аясында өткізген. Сол кезде ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімімен жеңген еді.
Жалғас UFC-дегі екінші қазақстандық болып отыр. Бұған дейін промоушенмен Шавкат Рахмонов келісімшартқа отырған еді. Рахмоновтың дебюті 21 наурызда Лондонда болады деп жоспарланған.
Сондай-ақ UFC-де Ресей атынан шығатын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов өнер көрсетеді.[:]