Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Абай облысы бойынша «Кітап оқитын ұлт» жобалық офисінің жетекшісі Мерей Қарт баяндады, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кітап оқу марафонының негізгі мақсаты – тұрғындар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік белсенділікті дамыту. Қазіргі таңда Абай облысындағы кітап оқу марафонына 30 мыңнан адам тіркелген. Аудандар арасында Аягөз ауданы жазылған пікірлер саны бойынша көш бастап тұр. Ал Жарма ауданында тіркелген қатысушылар саны ең жоғары көрсеткішке жетті.

Марафон аясында «Оқырман мектеп», «Оқырман педагог» бағыттары бойынша белсенділік жоғары. Атап айтқанда, мектеп бағыты бойынша 15 681 қатысушы 8 393 пікір жазса, педагогтер арасында 6 290 адамнан 6 448 пікір түскен. Бұдан бөле, марафон «Оқырман колледж», «Оқырман университет», «Оқырман әулет», «Оқырман мемлекеттік қызметші», «Оқырман интеллектуал» және «Parasat» бағыттарын қамтиды.

Аймақ басшысы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қатысушылардың белсенділігін арттыру, үздік нәтиже көрсетіп отырған аудандардың оң тәжірибесін тарату қажеттігін айтты.

«Облыста «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, халықтың әртүрлі санаттары қамтылған. Дегенмен, қол жеткізілген көрсеткіштермен шектелуге болмайды. Ең бастысы – жобаны формальды есептілікке айналдырмай, оның мазмұндық жағына басымдық беруіміз қажет. Кітап оқуға қатысу тек тіркелумен немесе пікір жазумен шектелмеуі тиіс. Біздің мақсатымыз – балалар мен жастардың, мемлекеттік қызметшілердің және жалпы тұрғындардың арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Осы ретте, облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жобаны жүйелі түрде ұйымдастырып, төмен көрсеткіштер тіркелген бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, жақсы нәтижеге қол жеткізген аудандардың тәжірибесін зерделеп, оны өзге аумақтарда қолдану маңызды», – деді Берік Уәли.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp