[:kk]Карантин алынғаннан кейін де қазақстандықтарға сақ болу ескертілді[:]

[:kk]

Маска кию, арақашықтықты сақтау, таныс адамдардан басқасына вирус жұқтыру күдігімен қарап, сақтану – күнделікті қалыпты нормаға айналуы керек.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды карантин алынып тасталғаннан кейін де сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Alash24.kz

– Шектеу шаралары алынып тасталған кезде, КВИ өздігінен жойылып кетпегенін түсінуіміз керек, бұл өте маңызды жайт. Өмір жалғасуда, бірақ ғалымдар вакцина ойлап тапқанға дейін COVID-19 бізбен бірге өмір сүруін жалғастыра береді, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.Министр адамдардың барлық жағдайларға бейімделе алатындығын атап өтті. Мысалы, күн суытса адамдар қалың киінеді, жаңбыр жауса қолшатырды пайдаланады, бұл да сол секілді.

– Егер инфекция болса, эпидемиологиялық маусымның күшею кезеңі болады. Соған сай әрекетке бейімделу керек. Маска кию, арақашықтықты сақтау, таныс адамдардан басқасына вирус жұқтыру күдігімен қарап, сақтану – күнделікті қалыпты нормаға айналуы керек. Біз аурудың шыңына жетпейінше, КВИ-ды жеңе алмаймыз. Денсаулық сақтау жүйесіне де қолдау көрсетіңіздер. Қалай дейсіздер ме? Бір-біріңізден арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып, спортпен шұғылданып, ағзамызды дәрумендермен, жақсы тамақтанумен байытып, көмектесу керек. Егер біз осылай жасасақ, біз инфекцияны жеңіп, бұл кезеңнен де аман өтеміз деп ойлаймын, – деп түйіндеді сөзін ол.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp