[:kk]Мемлекеттік сатып алу саласындағы арнайы тәртіп мерзімі 1 қазанға дейін ұзартылды[:]

[:kk]Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінің тиімділігі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Alash24.kz

«Арнайы тәртіп арқылы қазақстандық тауар өндірушіге айтарлықтай қолдау көрсетіледі. Осылайша арнайы тәртіпті енгізумен тауарларды мемлекеттік сатып алу бірінші кезеңде жеңілдетілген (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен) түрде және отандық тауар өндірушілер арасында ғана жүзеге асырылады. Өтінімдер болмаған жағдайда ғана мұндай тауарлар қалған өнім берушілер арасында сатылып алынады», – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша қазақстандық өндірушілер мен олар өндіретін тауарлардың тізбесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері негізінде Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда айқындалады.

«Бүгінгі таңда Арнайы тәртіп арқылы отандық тауар өндірушілерден 62 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар сатып алынды», – деді ол.

Ерұлан Жамаубаев арнайы тәртіп коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде қолданыста болғанын айтып өтті.

«117 млрд теңгеге жедел сатып алуды жүргізуге мүмкіндік берді. Олар: жеке қорғаныс құралдары, өкпеге жасанды дем беру аппараттары, жедел жәрдем автомобильдері, ауруханаларды жөндеу, медперсоналдың тамақтануы мен жатын орны. Сондай-ақ арнайы тәртіп шеңберінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 955 млрд теңгеге жұмыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар жедел сатып алынды. Арнайы тәртіптің тиімділігін ескере отырып, оның қолданысы 2020 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылады», – деді ол.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp