[:kk]Мәжіліс депутаттары қоғамдық бақылау жұмыстарына қатысуда[:]

[:kk]Мәжіліс депутаттары коронавирус індетінің таралуына қарсы бірқатар мәселені бақылауға алды. Бұл туралы Alash24.kz. Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары өңірлерде коронавируспен күрес жөніндегі кешенді жұмыстарға белсене араласуда.

Олар қоғамдық бақылау топтарымен бірге дәріханаларға барып, дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен бағаларға мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар, еріктілердің жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесіп, медициналық мекемелерге гуманитарлық көмектің жеткізілуі мен таратылуын, халықты қажетті тауарлармен және азық-түлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алды.

Сондай-ақ, дәрігерлердің жұмыс жағдайлары мен ауруханадағы емделушілердің жағдайларына ерекше көңіл бөлінуде.

Мәжіліс депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Серік Құсайынов Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында коронавируспен емделіп жатқан емделушілерді аралап, аурухананың дәріхана қоймасымен танысты.

Медициналық мекеме бір мезгілде COVID-19 диагнозы қойылған 320 науқасты қабылдай алады.

Күн сайын ауысымға аурухананың 150 қызметкері түседі. Медициналық мекеме барлық туындаған мәселелерді жылдам шешуге тырысуда.

«Біз жаңа модульдік аурухананы арнайы тексермедік. Өйткені, ол жаңа аппараттар мен препараттармен қамтамасыз етілген. Ал бұл мекеме 70-ші жылдары салынған және бастапқыда осындай мақсаттарға арналмаған. Дегенмен, ол қайта жабдықталды. Сонымен қатар, коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің бір айға жететін қоры бар», – деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Аурухана басшылығы емделушілерді қабылдау мүмкіндігін арттыру үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын айтты.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp