[:kk]Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті[:]

[:kk]Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash24.kz.

Сәуле Қисықованың қызметінен кеткенін бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растаған болатын.

«Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа ғана Сәуле Қисықованың Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғанын жариялады.

Айта кетсек, Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тура үш жыл жетекшілік еткен. Басқарма басшылығына 2017 жылдың шілде айында тағайындалған.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp