[:kk]Елімізде карантин тағы 2 аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады – Президент[:]

[:kk]Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы – өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» ,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңгеден төлейді.

«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді»,- деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp