[:kk]Қасым-Жомарт Тоқаев індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды[:]

[:kk]Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронвирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысты.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде– Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын мәлім еткен болатын.

Тиісті өкімге Мемлекет басшысы 9 шілде күні қол қойды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp