[:kk]Дағдарыс азаматтардың билікке сенбейтіндігін көрсетті – Мемлекет басшысы [:]

[:kk]Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқаруды қайта құру қажеттігін мәлім етті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Дағдарыс біздің қоғамымыздағы әлеуметтік үйлеспеушілікті, азаматтардың жергілікті және орталық билікке күмәні мен сенбейтіндігін көрсетіп берді. Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Ол жергілікті өзін-өзі басқаруды айтарлықтай күшейтуді қарастыратын саяси реформаның бөлігіне айналады», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp