[:kk]Үкімет пен әкімдер қоғам пікірімен жұмыс істей алмай отыр – ҚР Президенті[:]

[:kk]Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрестегі Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды.

«Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp