[:kk]Амандық Баталовтың жағдайы ауыр ма?[:]

[:kk]Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта емделіп жатыр. Оның неліктен Алматыда емес, ел астанасына келгені туралы туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді.

ОКҚ онлайн брифингінде журналистердің Баталов жайында сұрағына жауап берген вице-министр:

“Иә, пациенттің жағдайы нашарлаған соң Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді. Бүгінде бұл орталық пандемия кезінде республикалық экстракорпоральді мембран оксигенация интенсив терапиясы ретінде жұмыс істеп жатыр. Бұл әдіс өкпеге жасанды тыныс алдыру аппараты көмектеспей жатқанда қолданылады. Сондай-ақ бұл орталық жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарда тыныс алуы қиындап, жеткіліксіз болғанда қабылдайды. Мұны комарбид пациенттер деп атайды. Алматы тұрғындарына қатысты айтатын болсақ. Қазір мұндай 12 орталық бар. Алматыда да бар. Мұндай ауыр жағдайдағы науқастар Алматы қаласына жеткізіледі. Ол жақта орын толып, бос болмаса, басқа қаладағы орталықтарға жеткіземіз”, – деді Ажар Ғиният.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp