[:kk]Коронавируспен ауырып жатқан Амандық Баталов Нұр-Сұлтанға жеткізілді[:]

[:kk]

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.

“Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады”, – деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

“Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі”, – деді Байжұманов.

Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp