[:kk]Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті[:]

[:kk]Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеге жетті, – деп хабарлайды Finprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,7 пайызға көп.

Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында –  39,9 мың теңге. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 36,9 мың теңге болған.

Екінші қатарда Нұр-Сұлтан тұр. Елордадағы ең төменгі күнкөріс құны 39,5 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2 пайызға көп.

Тізімде үшінші орында Алматы тұр, онда ең төменгі өмір сүру деңгейі 37,3 мың теңге болды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp