[:kk]Дәрі-дәрмектерді қымбаттату: ҚР ІІМ барлық өңірде рейд жүргізуде[:]

[:kk]ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектердің бағасын қымбаттату фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізді.

«Рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан. Дәрі-дәрмектерді қайта сатудың көптеген фактілері еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкер азаматтар дәрі-дәрмектерді «сөреден« сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған», – деп атап өтеді министрлік.

Мәселен, ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер қорғаныс құралдарын заңсыз сатудың жолын кесті. Жергілікті тұрғыннан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептикалық құралдар тәркіленді. Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы «Парацетамол», «Ингавирин», «Цефтриаксон», «Азитромицин» сияқты аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. «Нұр-Сұлтан» қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің тұрағында ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттары бар екі қорап табылды.

Шымкент қаласында «Левомак» медициналық препаратын 12 000 теңгеге сатқан жергілікті тұрғын полицияға жеткізілді. Ол дәрі бағасын өз бағасынан 6 есе қымбатқа сатқан. Дәріханада провизор болып жұмыс істейтін Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны «Дексаметазон-Аджио» препаратының ампулаларын 5 000 теңгеден сатқан, негізгі бағасы – 600 теңге.

Ал Түркістан облысында ер адам «Аскорбин қышқылын» 5 000 теңгеден сатқан, оның негізгі бағасы – 250 теңге. Осыған ұқсас фактілер Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында анықталып отыр.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp