[:kk]Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twittеr-де жазды.
“Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады”, деп жазды Мемлекет басшысы.[:]