[:kk]Семей әкімі коронавирус жұқтырды[:]

[:kk]Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы шенеунік Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

“Құрметті жерлестер! Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады”, – деп жазды әкім.

Әкім қашықтан жұмыс жасайтынын айтты.

“Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!”, – деп жазды Сәлімов.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp