[:kk]Үкімет карантинге байланысты өтірік ақпаратқа сенбеуге шақырды[:]

[:kk]Әлеуметтік желілерде 30 маусымнан бастап белгісіз мерзімге шектеу шараларын күшейту туралы хабар пайда болды. осыған байланысты ірі қалалар, оның ішінде ел ордасы – Нұр-Сұлтан да жабылатыны айтылған. Осы ақпаратқа байланысты үкіметтің баспасөз қызметі түсінік берді, – деп хабарлайды Egemen.kz.

“Әлеуметтік желілерде ведомствоаралық комиссия мақұлдаған қосымша шектеу шараларын енгізу туралы хабарлама таратылды. Бұл тараған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 29 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында болған қатаң карантиндік шараларды қайта енгізуге болатындығын айтқан еді. Президент Мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде шектеу шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp