[:kk]Аймағамбетов: 2030 жылға қарай 3 миллионнан астам жаңа формациядағы мамандар дайындаймыз[:]

[:kk]ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту мәселесі қаралды. Білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов баяндады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймағамбетов атап өткендей, қазіргі таңда адами капитал кез келген мемлекеттің бәсекелестігінің басты факторына айналды. Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында болашақта 10 жұмыс орнының 9-ы сандық дағдыларды талап ететіні атап өтілді. 2030 жылға қарай әлем бойынша кем дегенде 1 млрд адамды қайта оқыту қажет.

Өз кезегінде, McKinsey болжамдарына сәйкес, 2030 жылға қарай цифрлық дағдыларға деген қажеттілік кемінде 55%-ға өседі. ЭЫДҰ баяндамасында жұмыс орындарының 32%-дан астамы цифрландыру нәтижесінде түбегейлі өзгертілетін болады деген болжам келтірілген. Бұл ретте компьютерлік сауаттылық туралы ғана емес, сонымен қатар алдыңғы қатарлы цифрлық құзыреттер туралы да айтылып отыр.

Министрдің айтуынша, бірнеше жыл бойы Қазақстан білім беру саласындағы халықаралық зерттеулерге қатысты, онда елдегі “гаджеттеудің” жоғары деңгейі цифрлық дағдылардың жоғары деңгейіне айтарлықтай әсер етпейтіні анықталды.

ICILS зерттеуіне сәйкес, 14 жастағы оқушылардың 54%-дан астамында цифрлық сауаттылық деңгейі төмен. PIААС зерттеуіне сәйкес, 6-дан 34 жасқа дейінгі 5 азамат қана жақсы цифрлық дағдыларға ие.

Дегенмен, А. Аймағамбетов атап өткендей, цифрлық экономика үшін қажетті адами капитал тек осы цифрлық құзыретті талап етпейді.

“Цифрлық құзыреттілікке қосымша, адам капиталы үшін функционалдық сауаттылық, сыни ойлау, креативтілік, оқу және талдау қабілеті болып табылатын soft skills дамыту қажет. Бұл бағыттағы басты қадамдарды біз бастадық”, — деді білім және ғылым министрі.

2016 жылдан бастап мектептерде функционалдық сауаттылықты дамытуды қарастыратын жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Келесі оқу жылында мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі аяқталады.

Келесі қадам — білім берудің барлық деңгейлерінде цифрлық құзыреттерді енгізу болады.

Министрліктің алдында әлемдік стандарттарға сәйкес АT саласының мамандарын даярлау, цифрлық құрауышты қамти отырып, басқа салалардың мамандарын оқыту және қайта даярлау және барлық азаматтарға базалық цифрлық сауат беру секілді міндеттер тұр.

“Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз “Цифрлық білім беру” ауқымды жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Жоба үш негізгі бағытты қамтиды. Бұл – базалық цифрлық құзыреттер, мамандандырылған АT-кадрларды және басқа салалардың қызметкерлерін АT құзыретімен үйлестіре отырып дайындау. Осы жобаның нәтижесінде терең АТ білімі бар жаңа мамандар шығарылады”, — деді А. Аймағамбетов.

Аталған жоба аясында жыл сайын 400 мыңнан астам “цифрлық құзырет” кадрлары шығарылады. Осылайша, 2030 жылға қарай барлық деңгейдегі оқу орындары жаңа формациядағы 3 млн-нан астам маман даярлайтын болады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp