[:kk]
Алматы облысында қатаң карантин еңгізілетіні және қайтадан блокбекеттер қойлатыны туралы ақпарат желіде тарап кеткен. Осы қауесеттерге қатысты әкімдіктің баспасөз қызметі түсініктеме берді,- деп хабарлайды Alash24.kz
“Танымал мессенджерлердің бірінде Алматы облысында карантинге байланысты қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы хабар тараған. Бұл – фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ”, – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Облыс аумағы бойынша коронавирус жұқтырған 701 адам анықталған. Бір тәулікте тағы 20 адам тіркелді. 574 адам аурудан айыққан, өкінішке қарай, 1 адам қайтыс болды.
Еске салайық, 27-28 маусымда көптеген облыс орталықтарында демалыс күндері шектеу енгізілді. Тұрғындарға себепсіз сыртқа шықпау ұсынылып, көптеген кәсіпорын жабылан болатын.
[:]