[:kk]Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
“Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр.”
Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады.[:]