[:kk]Қазақстанда бір жылда 117 мыңға жуық заңды тұлғалар тіркелген [:]

[:kk]1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметке» берілгеніне тура бір жыл толады.

Осы уақыт ішінде Мемлекеттік корпорация 116 997 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеді. Барлығы Азаматтарға арналған үкіметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берілген.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу Әділет министрлігінің құзырында қалды, деп хабарлайды Хабар24

Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу тіркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкімет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тіркелген ЖШС саны жоқ.

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілген – 33 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелген. Екінші орында Нұр-сұлтан. Мұнда бір жыл ішінде 24 мыңнан астам тіркеу жүргізілді. Үшінші орында Қарағанды облысы – заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша 7 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ең аз сұранысқа ие.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp