[:kk]Биыл 17 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды [:]

[:kk]Биыл 5 айдың ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқықтарын бұзу фактілерін жойды, 17 мың қазақстандықтың жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге жалақы бойынша берешегі өтелді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Еңбекминінің басшысы ҚР Үкіметі еңбек жанжалдарын болдырмау жөніндегі кешенді жоспарды бекіткенін, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрақты негізде еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізетінін атап өтті.

«2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқығының бұзушылығын жойды, 17 мың жұмыскердің жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеден астам жалақы берешегі өтелген», – деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорынға тексеру жүргізілді, оларда 1 мыңнан астам түрлі заң бұзушылықтар жойылды.

«Тағы бір маңызды мәселе, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда 2019-2023 жылдарға арналған еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындары мен өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 14,7 мың өндірістік кеңес құрылды және еңбекті қорғау бойынша 2,3 мың стандарт енгізілді. Жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларына 116 млрд. теңге жұмсалды. Соңғы 4 жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану төмендеуінің оң серпіні байқалады. Мысалы, 2016 жылы 1683 адам зардап шексе, 2019 жылы ол 1431-ге дейін азайды», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр еңбек қатынастары саласында әлеуметтік серіктестік белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 126 мың кәсіпорын ұжымдық шарт жасасты, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар 94,7%. 137 мың кәсіпорын жұмыс орындарын сақтау жөнінде меморандум жасаған. 205 мың кәсіпорын жалақысы төмен 1,2 млн жұмысшылардың жалақысын 32,7%-ға көтерді.

Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов биылғы 14 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енгенін атап өтті.

Құжат Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты енгізу арқылы кадрлық іс жүргізуді цифрландыруды; жұмыс берушілердің оларға лайықты еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау жөніндегі міндеттері мен жауапкершілігін белгілеуді; жұмыс берушінің еңбек шартын біржақты тәртіппен бұзу құқығын болдырмауды; мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтардың жұмыс орнын сақтауды; қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіподақ қозғалысын ынталандыру және кәсіподақтардың рөлін арттыру мақсатында кәсіподақтарды құру тәртібін қайта қарауды көздейді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp