Йель университетінің кітапханасы қазақ ойшылдары мен композиторларының еңбектерімен толықты

АҚШ-тағы ең ірі академиялық кітапханалық орталықтардың бірі – Йель университетінің «Sterling Memorial Library» ғимаратында қазақтың көрнекті ойшылдары мен композиторларының кітаптары мен ноталық жинақтарын сыйға тарту рәсімі өтті. Аталған бастама Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Іс-шараға Йель университетінің Музыка кітапханасының директоры Рутанн МакТайр, тарихи жазбалар бөлімінің жетекшісі Марк Бейли, Global Music Partnership ұйымының негізін қалаушы Владимир Дё, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері, ҚР Нью-Йорктегі Бас консулдығының қызметкерлері және Йельде білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.

Кітапхана қорына Абай Құнанбайұлының шығармалары, Шоқан Уәлихановтың таңдамалы зерттеулері және заманауи қазақ прозасының бірқатар басылымдары табысталды.

Ерекше орын қазақ оркестрлік музыкасының бай дәстүрін бейнелейтін композитор Қуат Шілдебаевтың ноталық партитураларына берілді.

Партитураларды тапсыру рәсімі академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Музыкалық материалдар Йель университетінің тарихи дыбыс жазбалары бөлімінің ғылыми-зерттеу және орындаушылық қызметіне енгізіліп, АҚШ академиялық қауымдастығына қазақтың ұлттық музыкасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Йель университетінде, сондай-ақ Республика күніне арналған қазақ классикалық музыкасының концерті өтті. Бағдарлама «Global Music Partnership» ұйымының көркемдік жетекшісі Владимир Дё-нің бастамасымен, Йель университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттік қауымдастығының қолдауымен әзірленді.

Концерт бағдарламасына дәстүрлі қазақ музыкасына негізделген туындылармен қатар, ұлттық композиторлық мектептің дамуын айшықтайтын заманауи авторлардың шығармалары енді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp