ҚР Ұлттық кітапханасында Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шара аясында қаламгерге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелік куәлігі табыс етілді.

Кітаптың тұсаукесері бұған дейін Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында да өткен болатын.

«Бұрым-Жыр» жинағына нәзік жанды әйел болмысы, ұлттық таным мен тағдыр, махаббат пен сағыныш тақырыбы арқау болған өлеңдер енген. Ақын әйелдің бұрымы мен ғұмырын символикалық бірлікке айналдырып, сезім шындығын көркем тілмен жеткізеді.

Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, журналистер мен оқырмандар қатысты.

Айта кесек, бұған дейін қаламгердің «Сағыныш сияқты өз атым» атты жыр жинағы жарық көрген.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp