[:kk]Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты[:]

[:kk]

 Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат жариялады.

Оның айтуынша, соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Елбасы денсаулығына қатысты көп сауалдар келіп түскен.

“Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінуде. Дәрігерлердің барлық кеңесін орындап, әлі де оқшаулануда. Өкінішке қарай, Қазақстанның тұңғыш президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда, Елбасы парадты тікелей эфир арқылы көрді”, – деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында.

 

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp