[:kk]Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды[:]

[:kk]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

“Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев “Белгісіз солдат” қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады”, – деді Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды.

Уәли президенттің бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп отырғанын айтты.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp