[:kk]Есмағамбетова жаппай тест тапсырудың тиімсіз тұсын атады[:]

[:kk]

Бас санитардың айтуынша, осы күндері республика бойынша коронавирус инфекциясына тест тапсыруға арналған 56 зертхана жұмыс істеп тұр

Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мемлекеттік және жекеменшік секторлардағы жұмыс берушілерді ауру белгісі жоқ қызметкерлерді ПТР тест тапсыруға жібермеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, ПТР тесттен тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер болған жағдайда ғана өту қажет. Клиникалық деген ауру белгілері бар адамдардың тексеруден өтуі, ал эпидемиологиялық көрсеткішке науқаспен байланыста болғандар, әскерге шақырылғандар, жабық мекемелерге, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерге түсетін адамдар жатады.

Бас санитар жұмыс берушілердің іссапардан, еңбек демалысы немесе денсаулығына байланысты демалыстан шыққан қызметкерден міндетті түрде ПТР тест тапсыруды талап ету әрекеті дұрыс емес екенін айтты.

“Егер кәсіпорын ашық болса, бұл талап сіздің ұжымға инфекцияның кіруіне тосқауыл бола алмайды. Себебі, жұмыстан шыққаннан кейін де қозғалыс бар: қоғамдық көлікті пайдаланады, дүкенге барады, жақындарымен немесе достарымен байланысқа түседі. Мұндай жағдайда ауруды жұқтырып алу қаупі бар”, – деп түсіндірді Есмағамбетова.

Ал жұмыс берушілердің жоғарыдағыдай талабы кей өңірде коронавирус тестінің тапшылығына алып келді. Бұл мамандарға ауыртпашылық түсіріп, шын мәнінде тест тапсыру қажет адамдардың тестілеуден өту мүмкіндігін азайтады.

“Негізінен жұмыс берушілер аурудың басқа да алдын алу тәсілдерін қолдана алады: байланыссыз термометрия, санитайзерлермен қамтамасыз ету, медициналық маска пайдалану, жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтықты қамтамасыз ету”, – деп толықтырды Есмағамбетова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша коронавирус инфекциясына тест тапсыруға болатын 56 зертхана жұмыс істеп тұр. Ол жерде тәулігіне 30 мыңға жуық тест тапсыруға болады. 2020 жылдың наурызынан бастап 1,4 миллион анализ алынды, оның ішінде 80%-і тегін жүргізілді.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp