[:kk]Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды[:]

[:kk]Серік Оспанов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

“Оспанов Серік Жәмекеұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Ол түрлі жылдары Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ 3 шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Министрлік мәліметінше, Серік Оспанов индустриялық даму мәселелерімен айналысады.

Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. Инженер-механик мамандығы бойынша оқыған.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина құрылысы технологиясы, металл кесуші құрылғылар мен аспаптар факультетін (1986) механик-инженер мамандығы бойынша; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің маркетинг және коммерция факультетін (2000) маркетолог-экономист мамандығы бойынша бітірген.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp