[:kk]Қазақстанда ҰБТ басталды [:]

[:kk]

21 маусым күні басталған ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады, бірінші күні 6 512 талапкер емтихан тапсырады.

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы ҰБТ өткізу пунктінде болып, тест тапсырушыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында орналасқан ҰБТ өткізу пунктінде болды. Министр талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі

“Балалардың көңіл-күйі өте жақсы. Менің ойымша, атқарылған барлық шара – тестілеу тапсыру уақытын ұзарту, калькулятор пайдалануға рұқсат ету, мектептегі қорытынды емтихандардан босату және көптеген тегін байқау сынағы айтарлықтай септігін тигізді. Ата-аналар тәртіпті барынша сақтап, балаларын тестілеу пунктіне әкелген соң, бірден кетіп отырды. Бұл өте маңызды”, – деді ведомство басшысы.

Айтуынша, таңғы сағат 8-де барлық бала аудиторияларға кіргізілген. Аудиторияларда тест тапсырушылар әдеттегіден әлдеқайда аз, олардың қауіпсіздігі үшін лектер саны 5-тен 15-ке дейін ұзартылды.

Карантин жағдайындағы ҰБТ

Білім министрлігінің ақпаратынша, коронавирусқа байланысты түлектер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті:

  • дезинфекциялық тоннельден өту;
  • арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімді зарарсыздандыру;
  • дене қызуын өлшеу;
  • қолды антисептикпен өңдеу;
  • медициналық маска беру.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде түлектер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталды. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35%-ға дейін толтырылған, әрқайсысында 10-18 адамнан. Былтыр бір аудиторияда орташа есеппен 50 талапкер тест тапсырған.

ҰБТ жексенбі, 21 маусым күні басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші күні тек 6 512 түлек емтихан тапсырады.

Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82% – осы оқу жылының түлектері.

Ведомствоның мәліметінше, карантинге қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ке артқан.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp