[:kk]Семейде қала тұрғындарын маска киюге шақыратын челлендж басталды[:]

[:kk]Семейде коронавирусқа шалдыққандар саны күн сайын артып келеді. Вирус жұқтырғандардың санын азайту мақсатында қалада ерекше флэшмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды “Inform Media” ақпараттық агенттігі

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметінше, әлеуметтік желілерде #доБЬЕМСЯдоНУЛЯ хэштегімен семейліктерді маска киіп, инфекцияның таралу қаупін төмендетуге шақыратын челлендж басталған. Оны қазақстандық эстрада жұлдыздары Айдана Меденова мен Гүлмира Сарина, қала белсенділері, спортшылар, жастар және танымал блогерлер қолдаған.

«Құрметті жерлестер! Соңғы кездері Семейде короновирус індетіне шалдыққан адамдар көбеюде. Бұл челенджд арқылы тұрғындарды маска киюге, жеке гигиенаны сақтап, әлеуметтік қашықтықты ұстануға шақырамыз! Себебі біздің денсаулығымыз өз қолымызда!, – делінген хабарламада.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp