[:kk]Үкімет коронавирусқа байланысты жаңа шектеулерді жариялады[:]

[:kk]Үкімет Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыста жаңа шектеулер енгізді

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланыста эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 20-21 маусым күндері, яғни демалыс күндері қосымша шектеу шаралары енгізеді:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;

– ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

– қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметітк қашықты сақтау арқылы рұқсат беріледі;

– қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

– қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

– фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

– 65- жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирустың таралу қаупі күшейіп тұрғанын мәлімдеген болатын.

Осы аптада Қазақстанның бірқатар өңірінде карантин қайта күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр. Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болып жатқандардың саны күн сайын артып жатыр.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp