[:kk]ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы жол құрылысы және ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Роман Скляр Қарағанды-Теміртау автомобиль жолының учаскесін қарап шықты. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын бір ай ішінде аяқтауға уәде берді. Жол алты жолақты болады. Күн сайын осы жол арқылы 20 мыңнан астам автокөлік өтеді.
Вице-премьерге Қарағандыдағы жаңа жолдар туралы баяндалды. Ағымдағы жылы жалпы ұзақтығы 48,3 км құрайтын Солтүстік және Шығыс айналма жолдарының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
[:]