[:kk]Елімізде Nur Otan партиясын жақтаушылар лигасы құрылды[:]

[:kk]Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лиганың мақсаты – қоғамда қордаланған мәселелерді өзара ымыралы диалог арқылы және центристтік жолмен шешуге жағдай жасау. Елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер қатысқан кездесуде әлеуметтік, экономикалық және демографиялық проблемалар сөз болды. Сондай-ақ, спикерлер Nur Otan праймериздің жариялануына байланысты қарапайым азаматтардың да саяси процеске қатыса алатыны айтылды.

Ерлан Саиров, Қр президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Пандемия біздің еліміздегі халқымыздың басым көпшілігіне кедейшілікті алып келеді. Кедейшіліктің арғы жағында ол әлеуметтік тұрақсыздық. Біздің Қазақстан халқының 42 пайызы ауылда тұрады. Ауылда проблема көп. Инфрақұрылым проблемасы, жол проблемасы, интернет проблемасы. Міне, осы проблемалардың біз қарастырамыз. Біздің жоспарымызда Қазақстанның түкпір-түкпіріне бару бар. Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс. Тек қала емес, шалғай аудандарға және шекаралық ауылдарға барып мәселенін барлығын түсіндіреміз.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp