[:kk]Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды[:]

[:kk]Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеуден өтті. Сынақ оң нәтиже көрсетті дегенмен диагноз белгілері жоқ.

Мәжіліс төрағасы  өз жұмысын қашықтықтан жалғастыруда.

Ол 9-11 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған болатын.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді деп күтілуде.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp