[:kk]Жыл сайын 3 млн-нан астам адамның өмірін вакцина құтқарып қалады[:]

[:kk].Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше : жыл сайын 3 млн-нан астам адамның өмірін вакцина құтқарып қалады.

Мысалы, біздің елімізде жұқпалы инфекциядан көз жұмғандардың көбі – екпе алмағандар. Қызылшадан 19 бала қайтыс болса, оның 83 проценті егілмеген екен. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бастамасымен өткен онлайн талқылау кезінде осы мәселе көтерілді. Оған дәрігерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, вакцинациялау-инфекциялық аурулардан қорғанудың бірден-бір жолы. Сондықтан әр адам жауапкершілікпен қарауы керек. Онлайн талқылауда екпе жасауға қарсы жандардың да пікірі тыңдалды. Олар вакцинаның сапасы мен кері әсерінен қорқады. Медициналық жабдықтар мен дәрілік заттарға сараптама жасайтын ұлттық орталық басшысы Арнұр Нұртаевтың сөзінше, қазіргі вакциналар жіті зерттеледі. Сондай-ақ екпе құрамындағы зиянды заттардың денсаулыққа кері әсері аз.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp