[:kk]Экс-министр сенат депутаттығына ұсынылды [:]

[:kk]

59 жастағы Ақылбек Күрішбаев бір жылдары ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған, қазір Қазақ агротехникалық университетінің ректоры.

Нұр-Сұлтан қаласынан сенат депутаттығына кандидат ретінде экс-министр, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының жалпы отырысында депутаттар парламент сенатына Ақылбек Күрішбаевтың кандидатурасын ұсынды.

“Кезектен тыс сессия отырысының қорытындысы бойынша елордалық мәслихаттың депутаттық корпусы сенат депутаттығына кандидат ретінде Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты ұсынуға дауыс берді және тиісті шешім қабылдады”, – деп жазды елорда мәслихаты желідегі ресми парақшасында.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp