[:kk]Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирусты анықтауға тест тапсырды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан мәлімдеді.
“Нәтижесі теріс болып шықты. Алайда коронавирус инфекциясының диагностикасы және емдеу хаттамасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы белгілі бір уақыт бойы қайта тест тапсыру керек. Ал әзірге қауіпсіздік сақтап, оқшауланды”, – деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, министр жұмысын бейнебайланыс арқылы жалғастырып жатыр. Сапархан Омаров Жамбыл облысына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге жұмыс сапарына барған болатын.
Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.[:]