Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов атындағы драма театры үшін жаңа ғимарат салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет бөлген қаржы театр құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауға мүмкіндік береді.

Театр қала мен аймақтың мәдени өмірі үшін өте маңызды, оның тарихы 80 жылдан асады.

Театрдың жаңа ғимараты Алтын орда шағын ауданында салынып жатыр, 700 орынға есептелген театр өнердің заманауи талаптарына сай үлкен және кіші залдардан, заманауи репетициялық үй-жайлар мен сахналық кеңістіктерден тұрады. Театрдың айналасында демалыс орталықтары, саябақ пен қала тұрғындарының демалуына арналған стадион салу көзделген.

Жаңа мәдени нысанның құрылуы қала мен облыс халқының екі есеге жуық өсуіне байланысты, бұл мәдени инфрақұрылымды кеңейту және шығармашылық қызмет үшін жаңа алаңдардың пайда болу қажеттілігін арттырды. Жалпы, жоба театр қызметтерінің сапасын арттыруға, шығармашылық ұжымдардың жұмысы үшін заманауи жағдай қалыптастыруға және театр өнерін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген. Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен жылы елімізде 61 мәдени нысан салынып, 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp