[:kk]Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады[:]

[:kk]

Мәжілісмен Бекболат Тілеухан Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы парламент депутаты болды, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға коронавирустан тезірек сауығып шығуын тіледі.

“Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын”, – деп жазды президент Twitter-де.

Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы парламент депутаты болды. Ол өзінің Instagram парақшасында алдымен үйде емделгенін, кейін ауруханаға түскенін, қазір дәрігерлердің бақылауында екенін жазды.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp