Астанада Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне арналған көрме ұйымдастырылды

ҚР Орталық мемлекеттік архивінде «Халық қаһарманы» атағының берілуіне орай «Халық батыры – Бауыржан Момышұлының тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, ҚР Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, тарихшылар, жазушылар, журналистер мен студенттер қатысты.

Конференция Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағының берілуіне орай ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 1137 жарлығына сәйкес, «Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп», Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін отбасына тапсыру жөнінде қаулы қабылданды, – делінген хабарламада.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев батырдың құнды мұрасы мен рухани қазынасына ие болып отырған немересі Ержан Бақытжанұлы мен жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметоваға Мемлекет басшысының зор алғысы мен құрметін жеткізді.

Конференция аясында қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа архив құжаттарынан дайындалған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар 1944 жылы майданнан елге оралған батырдың бейнесі түсірілген «Туған жерде» хроникалық-дыбысты фильмі көрсетілді.

Конференция барысында Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметін толық қалпына келтіру, оның батырлық тұлғасы мен рухани мұрасы арқылы жастарды тәрбиелеудің педагогикалық мәселелерін қамтитын арнайы қарар қабылданды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp