[:kk]2021 жылдан бастап диплом беру жүйесі өзгереді, деп хабарлады ҚР білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлназ Көбенова
⠀
«Келесі 2021 жылдан бастап, жоғарғы оқу орындары мемлекеттік нұсқадағы диплом бермейді, жекеленген дипломдар беретін болады. Соған орай жоғарғы оқу орындарының кадр даярлауда жауапкершіліктері артпақ. Бұл жерде университеттерге түлектерін ары қарай жұмысқа орналастыру мәселесі де жүктелетін болады», – дейді ол.
⠀
Сондай-ақ, Көбенова ЖОО рейтингін анықтау барысында қандай шарттарға сүйенетінін айтты. Оның сөзінше енді университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ЖОО-лардың өздері айналысатын болады. Ал түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша ол жердегі білім деңгейін еркін анықтауға болады.
⠀
«Жоғарғы оқу орындарындағы білім жүйесіне талдау жүргізу өте маңызды. Ол жұмыс берушімен бірлесе отырып тексеріледі. Жұмыс іздеу ұзақтығы қанша уақытқа созылды, жалақының мөлшері қандай деген секілді бірқатар мәселелер қарастырылады» – дейді Гүлназ Көбенова.[:]

Светқали Нұржан: Көрісу – ұлық мейрамның бір бөлігі
15.03.2023 14164 0

Ашаршылықтың басты себептері туралы маман пікірі
26.08.2021 14008 0

Тұңғыш қазақ «Әліппесін» шығарған тұлға…
29.06.2021 14102 0

Т.Омарбеков: Алаш арыстары саяси тұрғыда ақталған жоқ
22.06.2021 13577 0

Ашаршылықтың басты себептері туралы маман пікірі
26.08.2021 14008 0

Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға қаржылай әлеуметтік қолдау көрсетілді
31.05.2021 13164 0



ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ – ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ
02.03.2024
Еш пікір жоқ

Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білген қонақүй
19.05.2023
Еш пікір жоқ

Рухани жаңғыру: Тілдің әдеби нормасы өзгере ме?
27.10.2021
Еш пікір жоқ

Кеңес үкіметінің дінге қарсы саясаты және діни тұлғалардың қудалануы
22.09.2021
Еш пікір жоқ