Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалсын”, – делінген хабарламада.










