[:kk]Күдебаев полицейлер блокбекеттегі кезекшілігі үшін өтемақы алмады деген мәліметке қатысты пікір білдірді[:]

[:kk]Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері блокбекеттегі кезекшілігі үшін ақша алмағаны туралы мәліметке пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Күдебаев тікелей эфир барысында Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі қойған сұрақты оқыды.

“Президент пен ішкі істер министрінің жарлығына қарамастан, Еңбекшіқазақ ауданының шамамен 10 қызметкері төтенше жағдай кезінде кезекшілік үшін өтемақы алмаған. Ең қызығы өтемақыны блокбекетте тұрғандар емес, кабинеттерінде отырғандар алған”, – деді ол.

Алайда Серік Күдебаев мұны жоққа шығарды.

“Біз барлық қызметкерге өтемақы бердік. Сіздерде қызметкерлердің нақты тізімі болса, ол мәселені қарастырамыз”, – деді Күдебаев.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp