Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысы жалғасып жатыр
Барлық медициналық ұйымда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат» және Face ID жобалары іске қосылды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Есептеу мен төлемнің ашық әрі әділ жүйесін жасау мақсатында барлық өңірде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жобасы енгізілді.
Медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі – 87,3%-ды құрап отыр.
Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған видео-жетон енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.
Барлық медициналық деректі біріктіру мақсатында бірыңғай медициналық деректер қорын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осылайша, елімізде жүйелі түрде сапа мен инновацияға негізделген заманауи, тұрақты медициналық жүйе қалыптасуда. Денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары жалғаса береді.