Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, әдебиеттанушылар, оқырмандар мен журналистер қатысты.
Кеш аясында «Бибі-Сана» кітабының түрік және орыс тілдеріндегі аудармалары, сондай-ақ Брайль қарпіндегі арнайы басылымы алғаш рет көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптың дайындалуы мен техникалық ерекшеліктеріне қатысты баяндама оқылды.
Шара барысында жазушының қоғамдағы белсенділігі мен қайырымдылық бағытындағы бастамалары жайлы айтылды.