Абай облысының ауылдық мектептеріне 40 жылжымалы мобильді станция жеткізіледі

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған білім беруді цифрландыру міндеттерін іске асыру мақсатында Абай облысының 40 ауылдық мектебінде TopIQ-Mobil Box мобильді станциялары қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаны жүзеге асырып отырған «Алматыкітап» баспасының құрылтайшысы әрі президенті Гаухар Саймасаева облыс әкімі Берік Уәлимен кездесуде аталған станциялардың сертификатын табыс етті.

TopIQ-Mobil Box – интернетке қосылуға, TopIQ.kz платформасын және өзге де білім беру ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи құрылғы. Станция автономды жұмыс істей алады, батареясы 6 сағатқа дейін жетеді. Оны сыныптан сыныпқа еркін ауыстыруға болады. Бұл шешім электр қуаты шектеулі ауыл мектептері үшін де қолайлы.

Жобаның негізгі құрамдас бөлігі – Qamqor жасанды интеллект көмекшісі. Ол электронды оқулықтармен біріктірілген және оқушыларға ұғымдарды түсіндіруге, мұғалімдерге оқу материалдарын дайындауға, тест пен тапсырмаларды құрастыруға жәрдемдеседі.

Өткен оқу жылында жүйе сынақтан өтіп, әдебиет, информатика, алгебра, биология сабақтарында тиімділігін көрсетті. Мұғалімдер оқушылардың сабаққа қызығушылығы артқанын және өздігінен дайындалуға ынталанғанын атап өтті.

Алдағы уақытта «Алматыкітап баспасы» республика бойынша 1000 TopIQ-Mobil Box станциясын тегін таратуды жоспарлап отыр. Құрылғылар ауылдық мектептерге, TopIQ.kz платформасын белсенді пайдаланатын білім беру ұйымдарына және LiderTopIQ.kz байқауына қатысушы оқу орындарына беріледі.

Бұл жоба өңірдегі ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, білім сапасын арттыруға және цифрлық білім беру кеңістігін дамытуға ықпал етеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp