«QAITADAN» фильмі қазақстандық кинопрокатта көш бастады

Биыл 4 қыркүйектен бастап режиссер Думан Еркімбектің «QAITADAN» фильмі прокатқа шықты. Картина 1 аптаның ішінде 400 млн қаражат жинап, отандық бокс-офисте көш бастап тұр, деп мәлімдейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Фильмді «Dala Cinema» кинокомпаниясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Туындыда ұрпақ сабақтастығы, өткеннің қателіктері және жаңа жол іздеу секілді терең философиялық тақырыптар қозғалады. Басты кейіпкер Рауан уақыт тұзағына түсіп, өмірін түбегейлі өзгерткен апаттың куәсі болады.

Көрермен фильмнің көркемдік сапасы мен техникалық деңгейін жоғары бағалауда. Фильмдегі ең әсерлі көріністердің бірі – бөгеттің жарылуы. Бұл сахналар тек компьютерлік графикамен ғана емес, нақты түсірілімдер мен арнайы эффектілер арқылы жүзеге асқан.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp