Алматыда Құраш Зульфикардың жеке көрмесі ашылды

2025 жылдың 25 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Құраш Зульфикар – суретші-график, кітап иллюстраторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Көрме суретшінің 75 жылдық мерейтойына арналады. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде салынған жүзден астам жұмысы осы жолы бір жерге тоғысып, алғашқы графикалық суреттерден бастап, кітаптарға салған иллюстрациялары мен акварельдеріне дейін бар.

«Экспозиция хронологиялық және тақырыптық тәртіппен құрылған. Көрмеден көрермен түркі мен ұйғыр мәдениетінің түрлі кезеңдеріне, аңыздары мен тарихына куә бола алады. Ол тек сурет салып қана қоймай, фольклор мен тарихқа, эпосқа негізделген шығармаларға ден қойды», – делінген хабарламада.

Ерекше назар аударуға тұрарлық туындысы – 2023 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұйғыр аңыздарына арналған ауқымды иллюстрациялар сериясы. 2025 жылдың бірінші жартысында суретші мифологиялық сюжеттерді қылқалам ұшымен шебер баяндады. Сөйтіп жаңаша талдаған он төрт толыққанды шығарма жазды.

«Аңыздар ізімен» көрмесі –суретшінің түп тамырына оралуы, өнерге айналған тұтас ұлт мәдениетімен тілдесуі. Экспозиция тамыз айының 15-не дейін жалғасады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp