[:kk]Жүк арасындағы жеңіл көлік: шекарада жүргізушінің заңсыз әрекеті әшкере болды [:]

[:kk]

Күдіктілер екі бірдей құжатсыз көлікті Қырғызстанға өткізгісі келген. Бір қызығы, мұндай оқиға апта ішінде екінші рет анықталып отыр, деп хабарлайды Sputnik.kz

Жамбыл облысының шекарашылары кезекті рет жүк арасына жасырылған автокөлікті әшкереледі, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.

“Айша бибі” бақылап-өткізу бекетінде ағаш материалдары тиелген жүк көлігін тексеру барысында арасына жасырылған екі жеңіл көлікті анықтады. Жүк көлігінің жүргізушісі “Дэу” және “Хюндай” маркалы автомобильді ешбір құжатсыз Қырғызстанға алып өтпек болған”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде анықталған автокөліктер Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Айта кетейік, мұндай жағдай аталған өткізу бекетінде осымен екінші рет анықталып отыр.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp