[:kk]
Біртанов мұндай жағдайда инфекцияның өршуі мүмкін екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантин кезеңіндегі митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, пандемия кезінде жаппай шаралар өткізуге тыйым салынады.
– Бұл халық үшін қауіпті. Заң талаптарын орындау қажет. Пандемия кезінде бас дәрігердің шешімі міндетті болып табылады. Оларды бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Сондықтан мен митингі ұйымдастырушыларды індетін беті қайтқанша күте тұруға шақырамын, – деді министр.
Біртанов мұндай жағдайда инфекцияның өршуі мүмкін екенін айтты.
Сондықтан біз оған үзілді-кесілді қарсымыз. Барлығы заңда жазылған талаптарды қатаң сақтауы керек, – деді ол.[:]